$ 443.85  474.3  4.8

Үндістандық жігітке тұрмысқа шығып, жоғалып кеткен тараздық бойжеткен табылды (ВИДЕО)

Үндістандық азаматқа тұрмысқа шығып, кейіннен ізім-қайым жоғалып кеткен қазақстандық бойжеткен Ақмарал Әбдіханова АҚШ-та жүруі мүмкін. Жоғалған қызға сұрау салған дипломаттар жаңа деректер тапты деп мәлімдеді 31 арна. 

Күні кеше қызынан төрт жылдан бері хабарсызбын деген ана іздеу жұмысын күшейтуді өтініп, сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған болатын. Бүгін аталмыш министрлік сүйінші хабар жеткізді. Жоғалған қызға іздеу салған дипломаттар Ақмаралдың алдымен Мәскеуге, кейін Маврикийға, сосын қайта кері қайтқанын анықтаған. Соңғы дерек бойынша ол АҚШ-та болуы мүмкін. Бұған дейін қызы жайында мардымды жауап ала-алмаған ананың бұл жаңалық үмітін қайта оятқандай.

АРДАҚ МӘДИЕВ, ҚР СІМ консулдық қызмет департаментінің директоры:

— Бұл мәселені үнемі бақылап отырмыз. Оны әлемнің түкпір-түкпірінен іздестірудеміз. Соңғы мәліметтер бойынша, ол АҚШ-та болуы мүмкін. Бізге анасы осындай мәлімет айтты. Консулдықтағы әріптестерге шұғыл тапсырмалар берілді. Ақмаралды АҚШ-тан іздестіруге кірістік. Бізге қиындық туғызып жатқаны - қыздың өзі көмек сұрап, хабарласқан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео