$ 443.85  474.3  4.8

Блогер: «Сон Паскальді елден қууды талап етемін!»

Шымкенттік заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек Қазақстанда тұратын италиялық әнші Сон Паскальді елден қууды талап етті. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазған.

Ол әншінің қазақ қыздары туралы айтқан пікіріне ашулы. 

«Мұндағы қыздар қымбат көлігіңе, қалтаңдағы ақшаға назар аударады екен. Олар үшін аталған дүниелер өмірдің ләззаты сияқты. Мен бірақатар «ағашкалардың» әйелдері бақытсыз екенін көріп жүрмін. Мен олардың арасындағы секс дұрыс емес деп ойлаймын», - деген болатын Сон Паскаль отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында.

Әнші бұл пікірі үшін елден қуылуы керек деп есептейді танымал блогер.

«Қашанғы қазақ қыздарының ар-намысын жерге таптатып қарап отырамыз? Сонда Паскаль барлық ағашкалардың əйелімен жатып көріп пе? Неге айдаладан келген келімсек біздің қыздар жайлы əңгіме айтады? Секс керек деп ойлаймын депті. Оның ойы кімге керек? Кезінде Борат қазақ қыздары жайлы аузына келгенін құсып кеткен еді? Енді Италиядан шыққан бомждың сөйлегені қалып еді? Бүкіл қазақ қыздарының атына əңгіме айтатындай кім бұған рұқсат берді? Елден қуылсын! Елге кіргізілмейтін болсын! Бүкіл əлем білсін не үшін елден шеттетілгенін. Сол кезде басқалар біздің қыздарға жақ ашпайды», - деп жазды Айгүл Орынбек.


Еске салайық, өткен аптада қазақстандық әнші Сон Паскаль қазақ қыздарын миы жоқ қуыршаққа теңеп, оларды тек қалталы азаматтар қызықтыратынын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары