$ 446.49  475.38  4.79

Ереуілге шыққан кеншілер жұмысқа қайта кірісті

Қарағанды облысында ереуілдеген шахтерлер жер бетіне шыққан соң шахталардың жұмысы қайта жанданды деп жазады "АрселорМиттал Теміртау" баспасөз қызметі.

 "15 желтоқсанда "Саранская", "Абайская", Күзембаев атындағы, Костенко атындағы шахталар жұмысына кірісті. Қазіргі уақытта көмір департаментінің басқа да шахталарының жұмысын қайта жандандыру жұмыстары жүріп жатыр", – делінген компания хабарламасында.

Сонымен қатар, болат департаментінде металлургиялық комбинаттың және құрылғылардың тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін іске қосуға бағытталған жұмыстар жүріп жатқаны айтылады.

"Барлық инженерлік-техникалық жұмысшы коксхимиялық батареяларды іске қосу үшін өндірістің тоқтап қалуынан, көмір тапшылығына байланысты өндірістегі қиын мәселелерді шешу және демалыс және мерекелік күндері жұмыс істейтін болады.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ әкімшілігі мен шахтерлар арасындағы келісім комиссиясының қатысуымен жүріп жатыр", - деді "АрселорМиттал Теміртау" өкілдері. 

 Еске салайық, "АМТ" АҚ өкілдерінің хабарына қарағанда, шахтерлер жер бетіне 14 желтоқсанда сағат 23.46-да шыға бастаған. Бірақ жұмыс беруші тарап әлі кеншілермен толықтай ортақ келісімге келген жоқ.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары