$ 444.32  473.33  4.76

Төреғалидың «ағасы» әнші Талғат Жорабаевты балағаттап, қоқан-лоқы көрсеткен (АУДИО)

Концертке келген тыңдармандарына дөрекі сөйлеп, сахнада бейәдеп сөздер айтқан танымал әнші Төреғали Төреәлінің «жыры» әлі бітер емес. Бұл жолы өзін Төреғалидың «ағасымын» деп таныстырған Базарбай есімді ер азамат әнші Талғат Жорабаевты боқтап-балағаттап, оған қоқан-лоқы көрсеткен. Екеуара болған әңгіменің аудиожазбасын журналист Бибігүл Дәулетбекқызы өзінің Facebook-парақшасына жариялады.

Талғат Жорабаевпен байланысып, болған жайттың мән-жайын сұрағанымызда әнші өзіне доқ көрсеткен адамның ешқандай да Базарбай емес екенін мәлімдеп отыр. Ал, аудиожазбаны тыңдаған оның таныстары ашулы дауыс Төреғалидың әкесі Төреәлінікі болуы мүмкін екенін айтыпты.

Ал, тележүргізуші Асхат Садырбай болса Төреғалидың өзі мессенджер арқылы өзіне балағат сөздердің жазғанын айтып отыр.

Әнші Талғат Жорабаев өзіне телефон соққан адамның кім екенін анықтағысы келмейтінін айтты. «Құдайға тапсырдым» дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары