$ 447.4  477.55  4.76

Жер бетіндегі халық саны 2018 жылы қаншаға жететіні белгілі болды

Жер бетіндегі халық саны 2018 жылдың басында 7,5 млрд адамға жетуі мүмкін деп мәлімдеді ТАСС.

«1 қаңтарда жер бетіндегі халық саны 7 444 443 881 адамға жетеді. Бейсенбіде АҚШ халық санағы бюросының мамандары осындай болжамдарын жасады», – делінген жұмада жарияланған мақалада.  

Сарапшылар мәліметінше, 2017 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 2018 жылдың 1 қаңтарында Жер бетінің халқы 78,5 млн адамға артады. Өсім 1,07% құрайды.

Келер жылдың қаңтарында әр секунд сайын орта есеппен өмірге 4,3 бала келіп, 1,8 адам қайтыс болады.  

Бұған дейін аталған бюро 2050 жылы әлемде 9 млрд адам болады деп болжаған еді.

XI ғасырдың басында Жер бетінде 310 млн адам тұрған, 1900 жылы – 1,6 млрд адам. 6 миллиардтық белгіден 1999 жылы өтіп кеттік. 2011 жылы халық саны 7 млрд адамға жетті.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары