08.01.2018, 10:21

Алматылық кәсіпкер Баян Алагөзованың кино түсіруге қажетті декорацияларды демеушілерден алып, қайтармағанын айтты

Brod.kz

Танымал продюсер Баян Алагөзованың түсірген «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» телехикаясының төңірегінде шыққан шу әлі сейілер емес. Фильм көпшіліктің қолдауына ие бола алған жоқ. Қолдауы былай тұрсын, жұрт фильмді түсіруге жұмсалған қаражатты кері қайтаруын талап етуде.

Көпшіліктің осынау пікіріне Баян Алагөзова өткен аптада жауап берген болатын. Оның айтуынша, фильмнің әр сериясына шамамен 7 миллион теңгеден жұмсалыпты. Жалпы шығын - 54 миллион теңге. Бұл қаражат тым мардымсыз дейді ол. Сондықтан, продюсер қалтасынан тағы 13 миллион теңге шығарғанын айтып, көпшілікі сабырға шақырған. Дегенмен, өзін алматылық кәсіпкермін деп таныстырған Facebook қолданушыларының бірі Баянның түсірілімге қолданған декорацияларын демеушілерден алынғанын, алайда, сол күйі иелеріне қайтарылып берілмегенін айтты.

«Қаражаттың қайда кеткенін өзі білетін шығар. Тек барлық затты демеуші болыңдар деп сұрап алды. Мен сол киноның ыдысына демеушілік жасадым. Ондағы көрпе-төсек түгелдей дерлік жұрттан сұрап, кері қайтарылмаған дүниелер», – деп пікір қалдырды алматылық кәсіпкер.

Еске сала кетейік, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» телесериалы эфирге шығысымен қоғам белсенділері, журналистер, эстрада өкілдері оны қатаң сынға алған болатын. Көпшіліктің пікірінше, Баян түсірген телесериалда тарих пен салт-дәстүр бұрмаланған.

Осы шу шыққаннан кейін «Қазақстан» РТРК басшысы Ерлан Қарин «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» сериалының телеарнадан енді көрсетілмейтінін мәлімдеді.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика