$ 446.49  475.38  4.79

Спирттік ішімдік ішуден жарысып жатқан қазақ қыздарын желі қолданушылары қатты сынға алды (ВИДЕО)

Спирттік ішімдіктен өзара жарыс өткізген бойжеткендерді желі қолданушылары қатты сынға алды. Видео бүгін youtube желісіне жарияланған.

Он шақты қыз дастарханға жиналған. Алкогольді ішімдікті стаканға толтыра құйып ішкен олар бірінен соң бірі түк болмағандай алдарындағысын тауысып тастайды.

Оқиғаның қай қалада болғаны белгісіз. Тек көпшілік оларды мектеп табалдырығынан енді шыққан түлектер болуы мүмкін деп болжап отыр.

«Масқара. Ата-аналары қайда мына қыздардың? Не қарап отыр? Ұят қайда?». «Бұлар мектепті енді бітірген қыздар сияқты ғой? Құдай сақтасын. Заман не болып барады? Әлі өрімдей жас қыздар ғой». «Қазақ қызына жат қылық. Қай ана, әжеңізден көріп едіңіз мұндай қылықты?»,  – деп сынға алды желі қолданушылары.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары