10.01.2018, 18:22

Жаңа босанған жалғызбасты ана екі күннен бері аш отыр

Көпшілікке «Janym baklajanym» лақап атымен танымал Айдын Тоқсанбаеваға жаңа босанған бойжеткен көмек сұрап, хат жазған. Блогер Instagram-парақшасына нәбәрі 10 күн бұрын ғана шақалағын дүниеге әкелген әйелдің екі күннен бері аш отырғанын жазады.

Бойжеткен тұрмысқа шықпаған. Жігітімен жүріп жүргенде аяғы ауыр болып қалады. Ал, «сүйіктісі» оған үйленбейтінін айтыпты. Қанша мәрте аборт жасатамын деп ойлаған қыз бала ақыр соңында босанамын деп шешім қабылдапты.

– «Ішіп жейтін тамағын бар ма?» деген сұрағыма кеше ғана босанған жас қыз «Ыстық тамақ ішпегеніме 2 күн болды» деп жауап жазды, – дейді Айдын Тоқсанбаева.
Үнемі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жүретін Тоқсанбаева бұл жолы да қызға алып-ұшып барып, көмек қолын созыпты.

«Бүгін анам екеуміз азық-түлігімізді сатып алып, үйіне бардық. Қолымдағы періштенің дүниеге келгеніне әлі 10 күн де болмаған», – деген ол жалғызбасты ананың қаржылай көмекке зәру екенін жазған.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

"Ішіп жейтін тамағын бар ма?" деген сұрағыма, кеше ғана босанған жас қыз "Ыстық тамақ ішпегеніме 2 күн болды" деп жауап жазды. Бүгін анам екеуміз азық-түлігімізді сатып алып үйіне бардық. Қолымдағы періштенің дүниеге келгеніне әлі 10 күн де болмаған... Жаныыым. сондай тәп тәтті өзі, тьфай тьфай. Қазір мәз болып, көңілім күшті болып жатырмын, себебі анасы тоқ болса, мына періште де тоқ. Кеше жазған жазбамның арқасында бастарына неше түрлі сынақ түскен қыздардын тағдырлары жайлы оқыдым.. Біреуі дәрі ішіп бала түсіруде, енді біреулері жігітінің отбасылы екенің аяғы ауыр болғанда бірақ білуде, енді біреулерін жүкті кезінде лақтырып кеткендері және т.б бастарына түскен сынақтарды жазуда.. Аборт жасатып, не істерін білмей жүрген қыздарға айтарым... Суреттегі сәбидін анасы да қанша рет мына xаншайымды алдыртып, түсіртіп тастауға баруды жалғыз шешім деп білді, бірақ "әр баланың несібесі бар" деген үмітпен, алдыртпай, бүкіл елден жасырса да міне, күні кеше босанып алды. Ия, жағдайы мәз емес, ішер тамағы да жоқ, бірақ, бірақ мына сәбиге қараған сайын "есімді жиғаныма шүкір" деп Алла тағалаға рақмет айтуда. Оңай болмайды әрине, бірақ қаншалықты қиын болса да ұйқтап жатып күлетін мынандай сәби үшін барлығына шыдауға болады! ЕР АЗАМАТТАРға келер болсақ... Біздін қазақ, қандай жағдай болмасын "ҚАТЫН КІНӘЛІ" деп санайды, еркектердін мойнына ешқандай жауапкершілік артпайды, сондықтан да олар балаларын тастап, керек қылмай жүре береді... ЖАС ҚЫЗДАР сіздерге айтарым: абай болыныздар, ертен "нәпсініз" үшін бала өлтірімен жауап беріп жатпаныздар!

Публикация от Janym Baklajanym (@janym_baklajanym)

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика