$ 448.15  483.46  4.86

Астанада ТЖД-нің жедел штабы құрылды

Ауа райы қолайсыздығының салдарын жоюға астаналық ТЖД жеке құрамының 221 қызметкері және жоғары өтімділігі бар 43 бірлік техника, сондай-ақ қаланың коммуналдық қызметінің 1367 жұмысшысы және 618 бірлік техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда қаланың периметрі бойынша айналма жолда өтімділігі жоғары көлік құралдарымен (KУНГ) патрульдеу жүргізілуде.

«ӨС және АҚЖҚ» ММ тасжолдан 30 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды. «ОӨАЖҚЖ» ММ күштерімен 40 адам эвакуацияланды.

«112» телефон нөміріне  жабылған тасжолдар мен көмек көрсету қажеттілігі бойынша 3100 қоңырау мен 850 хабарлама түсті.

3-МӨСБ базасында орналасқан дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды, штаб бастығы -  Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары М. Аманбаев.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын қала сыртына және мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырады. 

Қазіргі таңда зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.  Жағдай ТЖД-нің бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары