$ 448.56  478.03  4.79

Баян Алагөзованың кеңсесін тонап кетті

11 қаңтар күні Баян Алагөзованың кеңсесін тонап кетті. Бұл туралы ол Instagram-парақшасына жазды.
«Тек қана құжаттарымды ұрлады. Мен еш уайымдамаймын. Ұрлаған адам ішінен іске жарар бір нәрсе табамын деп ойлаған шығар. Бірақ қатты қателеседі. Оның ішінен ештеңе де таба алмайсыздар. Босқа әуреленбеңіздер. Кейін осы істеріңіз үшін жауап беретін боласыздар. Менің қызметім адал», – деді әнші жазбасында.
 
Продюсер ұрылардың кастюм, компьютер мен басқа да дүниелерге тиіспегенініне қарағанда бұны дұшпандары жасады деп күдіктенеді. Қылмыскерді табу үшін ол бар күшін салатынын айтады.

«Бұған кімнің тапсырыс бергені ерте ме кеш пе анықталады», – деп Алагөзова сөзін тәмәдады.
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары