$ 445.66  474.58  4.78

Талғарда ер адам үш жасар өгей қызын сабап, мұрнын тістеп жұлып алды

Алматы облысы Талғар ауданында ер адам өгей қызын сабап, мұрнын тістеп жұлып алды. Бұл туралы әлеуметтік желіге КТК телеарнасының журналисі Гүлмира Әбіқай жазды. Ал Алматы облыстық ІІД аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтып отыр.

«Фотодағы үш жасар қыздың үстінен сау тамтық жоқ. Басынан башпайына дейін аяусыз тістелеп тастаған. Ең сорақысы ұйықтап жатқан бөпенің мұрнын 1986 жылғы Ринат Қоңқабаев тістеп, жұлып алған. Әлде жеп қойды ма, кім білсін. Мұрын еті сол күйі табылмады. 20 күн ауруханада жатқан Жансая бүгін анасымен үйге қайтуы керек. Алайда, басар тау, барар жері жоқ. Пәтерге оралса, азаматтық жары Ринат күтіп отыр», – дейді Әбіқай Facebоok әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

Қыздың анасы Алматы облысы Талғар аудандық ішкі істер департаментіне арызданған. Бірақ ол күйеуі күш көрсете ме деп тағы қорқып отыр. Ал, ІІД қызметкерлері болса сот шешімінсіз күдіктіні ұзақ уақыт ұстай алмайтындарын айтты.

«2017 жылдың 25 желтоқсанында арыз келіп түсті. Аталған факт боййынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Күдіктіден сұрақ алынды. Ол қаладан кетпеу қолхатымен босатылды. Дәл қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр», – дейді Алматы облысы Талғар аудандық ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары