$ 445.66  474.58  4.78

Боранда жоғалып кеткен Береке ауылының мұғалімі үсіп қайтыс болған

Солтүстүк Қазақстан облысында жоғалып кеткен мұғалімнің өлі денесі табылды деп мәлімдейді Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті.

Бұған дейін Береке ауылында мектептен шыққан мұғалімнің із-түссіз жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.

Жұмысынан шығып үйіне оралмаған мұғалімнің өлі денесі Береке ауылынан 20 шақырым қашықтықтағы жерден табылды. Марқұмның денесінен ұрып-соғудан аман. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ол үсіктен көз жұмған.

Аудандық ішкі істер бөлімінің полиция подполковнигі Марат Әлжановтың айтуынша, жақын маңдағы бүкіл ауылды жедел іздестіру құрамы шарлап шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары