$ 448.15  483.46  4.86

Қостанай облысында ер азамат әпкесінің басын кесіп алып, пешке өртеп жіберген

Қостанай облысының Қарабалық ауданында желтоқсанның 24-нен 25-не қараған түні жантүршігерлік қылмыстың болғаны анықталып отыр. Славенка ауылында ер азамат өзінің әпкесін бауыздап өлтірген деп жазады alau.kz.

25 желтоқсан күні кешкі сағат 22:00 шамасында Қарабалық аудандық ІІБ-нің кезекшілік бөліміне әйел адам қоңырау шалып, Славенка ауылының 45 жастағы тұрғынының мәйітін тауып алғанын хабарлаған.

Қазіргі таңда істі Қостанай облыстық ІІД өз бақылауына алды. «Айна» газетінің жазуынша, марқұмды өзінің 29 жастағы немере інісі өлтірген көрінеді. Екеуі спирттік ішімдік ішіп отырып, жанжалдасып қалған. Ер адам оның арқасына бірнеше рет пышақ ұрып, артынша бауыздап, басын кесіп алыпты. Мұнысымен қоймай, араққа тойып алған жігіт әпкесінің басын пешке салып өртеп жіберген. Ал, денесін сарайға апарып жасырыпты.

Полицейлер күдіктіні ұстап, уақытша қамау изоляторына жапты. Оның үстінен кісі өлтіру дерегі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары