22.01.2018, 11:40

Қазақстандағы автокөлік нөмірлерінің бағасы белгіленді

Қазақстандағы автокөлік нөмірлерінің бағасы белгіленді деп жазады Алматы телеарнасы.

Елімізде автокөлік нөмірлерінің құны белгілі болды. Бұдан былай, жүргізушілер көлік басқаруға рұқсат беретін куәлікті алу үшін  – 3 мың теңге көлемінде ақы төлейді. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке ие болу үшін де осындай қаражат қажет. Ал, нөл санынан басталып, нөл санымен аяқталатын нөмірлердің құны 140 мың теңгеге жуықтайды. Одан бөлек, 100,111 немесе 222 сандарымен белгіленген мемлекеттік тіркеу нөмірінің бағасы – 470 мың теңгеден асады. Бұлар – қымбат әрі жылдам жатталатын нөмірлердің қатарында. Оған бай-бағландардың тарапынан сұраныс жоғары. Ал, 001, 002 сынды нөмірлерді көлігіңізге таққыңыз келсе, онда 685 мың теңгеге шығындалуыңызға тура келеді.    

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.