Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

22.01.2018, 17:54

Кірпік жалғатқан бойжеткендер көзін аша алмай қалды

Канада тұрғыны кірпік жалғатып келгеннен кейін көзін аша алмай қалған деп мәлімдейді Fox News арнасы.

Оттавалық 20 жастағы Изабель Кан (Isabelle Kun) 9 қаңтар күні жергілікті сұлулық салондардың бірінде кірпігін өсірген. Бірақ екі күн өткен соң қыздың көзі ісініп, тіпті аша алмай қалған.

«Әрең жұтынып демалдым. Жанымда жатқан дос қызымды да көре алмадым», – дейді Изабель.

Изабель Кан алғаш рет кірпік жалғатып тұрған жоқ, бұған дейін де айына бірнеше рет жасатқан. Соңғы барған сұлулық салонынан кейін оның көздері сәл ісіген. Бірақ Изабель кірпікке арналған желімнен аллергиялық реакция тууы мүмкін деп есептеген.

“Алайда салон қызметкерлері де желімнің сапалы екенін айтқан соң, тағы бір рет кірпік жасатқанды жөн көрдім», – дейді қыз.

Ауруханада қызға антигистаминдік құрылғымен тазарту жасалғанына қарамастан, бір апта өтсе де көздің ісінуі тоқтамады.

«Менің көздерім нашарлады. Бір көзімнен сұйық көпіршік шығып кетті, бұл өте қорқынышты», – деп шағымданды ол.

Оқиғадан кейін сұлулық салоны сайтта кірпіктерді жалғату барысында аллергиялық реакциялар тууы мүмкін екенін ескертті.

Сара Дудың (Sara Du) айтуынша, клиент алдын ала аллергияның бар-жоғын тексеруді талап ете алады.

Осындай жағдайға тап болғанына қарамастан, табиғи кірпігіне көңілі толмайтын канадалық қыз кірпік ұзартуды жалғастырамын деп отыр.

Дереккөз: Stan.kz

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

     
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика