$ 447.4  477.55  4.76

Бір-бірімен құшырлана сүйіскен алматылық қос қыздың қылығы көпшіліктің қытығына тиді (ВИДЕО)

Алматылық екі бойжеткеннің сүйіскен видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызып отыр. Instagram желісіндегі zhulduz_tv парақшасына жарияланған видеоны көргендер қыздардың бұл әрекетін жаппай талқылауда.

Куәгердің айтуынша, оқиға Алматыдағы Есентай сауда орталығының ішіндегі кинотеатр маңында болған. Видеода екі қыздың көпшілік арасында қысылмастан сүйісіп отырғаны анық көрінеді. Жандарына камерасын алып жеткен жігіт болса олардың намысын оятуға тырысады.

“Сіздер не істеп отырсыздар? Ұяттарың жоқ па? Дәл адам жүретін кинотеатр алдында отырсыздар”, – дейді ол.

Оның сөзінен кейін бойжеткеннің бірі ортаңғы сауғасын көрсетіп, түк болмағандай отыра береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары