$ 448.15  483.46  4.86

Астанада қаңғыбас иттер тұрғындарға шаба бастады (ВИДЕО)

Елорда билігі қаланы өркениетті астаналардың қатарына қосу үшін барын салып жатса да, Астанада шешілмеген проблемалар әлі де жетерлік. Солардың бірі - қаңғыбас иттер мен мысықтар. Төрт аяқты мақұлықтар соңғы уақытта адамдарға шабуыл жасай бастаған.

Осындай сәттердің бірін жергілікті тұрғын бейнекамераға түсіріп, Facebook әлеуметтік желісіне жүітеді. Видео авторының айтуынша, бұл жағдай Қабанбай батыр көшесі 40-үйдің маңында болған екен. Видеокадрларда қаңғыбас иттердің жалғыз жүрген әйелге шабуыл жасағанын анық көруге болады.

"Қаңғыбас иттер құрылыс алаңының арғы бетінде жүреді. Шамамен 5 ит. Жаяу жүргіншілерге шабуыл жасайды. Ит аулау қызметіне хабарластық. Алайда, әлі нәтижесіз", - дейді Facebook әлеуметтік желісіне аталған видеоны жүктеген Gailya M Massalina есімді қолданушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары