$ 446.49  475.38  4.79

Көмір үшін көлігімен бір-бірін соққан видеоның қайда түсірілгені белгілі болды (ВИДЕО)

Оңтүстік Қазақстан облысында көмір тапшылығы жоқ деп мәлімдейді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасы.

Желіде жүрген түркістандық жүк көліктерінің бір-бірін қағып өтіп, көмір кезегінде тұрған видеосы өткен жылдың қазан айында түсірілген. Бұл туралы аталмыш ведомство өкілдері айтты.

«Көмір тапшылығы жоқ, Түркістандағы көмір тұрмыстық-коммуналдық қажеттіліктерге арналған көмір қалдығы 1400 тоннаны құрайды. Бұл жергілікті тұрғындардың жылуға қолданып отырған көмірі», – деді ведомство өкілдері.

«Көмір қоры облыстың басқа қалалары мен аудандарында да жеткілікті. Өңірге 261 вагон көмір келе жатыр. 40 вагоны келіп қойды, оның 21 вагоны тұрмыстық-коммуналдық , 19 вагоны энергетикалық қажеттіліктерге жұмсалады», – деді басқарма мамандары.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары