$ 449.58  486.94  4.86

Қазақстанда тастанды балалардың саны артып барады

ҚР Білім және ғылым министрлігі елімізде тастанды балалардың саны артып бара жатқанын айтып дабыл қақты. Мәселен, 2017 жылы Қазақстанда 13 тастанды бала тіркелген деп жазады «ҚазАқпарат».

«Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 2017 жылы 13 бала құрылыстан, құдықтар мен қоқыс жәшіктерінен табылған. Олардың үшеуі қайтыс болған. Мұндай жағдай артып жатыр: 2016 жылы 7 бала табылған еді», - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзырлы органы агенттіктің жазбаша сауалына.

Сондай-ақ, ҚР БҒМ-нен алынған ақпаратқа сәйкес биыл екі айдың ішінде екі бала табылса, оның бірі көз жұмған.

«Жергілікті атқарушы органдар табылған балаларды қазақстандық отбасыларға орналастырды. Жергілікті атқарушы органдар тастанды балаларды анықтаған жағдайда, оларды отбасыларға орналастыру бойынша құқығы басым туыстарына беріледі», - деді ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары