$ 447.4  477.55  4.76

Қостанайлық полицейдің эротикалық суреті желіге тарап кетті

Қостанай ювеналды полициясының аға инспекторы Гүлмира Лежнинаның эротикалық киіммен түскен суреті әлеуметтік желілерге тарап кетті. Полицейдің өзі болса бар кінәні анасына артып отыр. Қызының сұлулығымен мақтану үшін әйел "әдемі" суреттерді құрбыларына жолдаған екен. Бұл туралы Время газеті жазды.

Полиция капитанының ашық фотосуреті анасының "Одноклассники" әлеуметтік желісіндегі парақшасында былтырдан бері ілініп тұрды. Онда Гүлмира денесінің көп бөлігін ашық көрсететін киіммен фотосалонда жатын диванының жанында суретке түскен.

«Мен фототүсірілімге қатысқанмын, нешеме түрлі көйлек кидім. Оны жақсы білем. Бірақ желіге нақты қай суреттің тарап кеткенін білмеймін. Ол суреттерді менің рұқсатымсыз анам желіге жариялаған екен. Құрбыларына қызын көрсетіп мақтанбақ болған. Қазір шешеммен сөйлесуге бара жатырмын. Неліктен бұлай жасағанын сұраймын. Бірақ ол суреттен ешқандай қылмыс көріп тұрған жоқпын. Суретке түскенде спортты купальниктен басқа ашық киім киген емеспін. Онда да денемнің тек бір бөлігі ғана көрінеді. Дегенмен, менің лауазымымдағы қызметкердің осындай сипаттағы суреттерін желіде жарияламау керек екенін білем», - деді Лежнинаның өзі басылым тілшісіне берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары