$ 448.15  483.46  4.86

Ақтөбе облысында әйел екі баласымен бірге із-түссіз жоғалып кетті

Ақтөбе облысында жас ана жасөспірім екі баласымен жоғалып кетті. 26 жастағы Жеңісгүл Жұмашева Байғанин ауданы Қаражар ауылындағы үйінен кетіп қалған деп жазады sputniknews.kz "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Қасында балалары – жеті жастағы Жасқанат Жарылғап пен алты жастағы Жұлдыз Жарылғап болған. Жоғалып кеткендердің қайда екенін білетін жандар болса, құқық қорғау органдары келесі нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 102, 8 (71345) 22-1-74, 22-1-83, 8 (702) 177-31-79 немесе Байғанин ауданының полиция бөлімшесіне хабар беруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары