$ 447.4  477.55  4.76

ОҚО-да ескі зираттағы адам сүйектері шашылып, суға ағып жатыр (ВИДЕО)

Төлеби ауданының Зертас ауылында ескі қорымды су шайып, жердің бір бөлігі опырылып қалған. Салдарынан адам сүйектері шашылып, біразын су ағызып әкеткен деп мәлімдеді Отырар телеарнасы.

Әзірге қанша адамның сүйегі өзенге ағып кеткені белгісіз. Ал, Тоғыс, Елтай, Қаратас, Сайрам ауылдарын экологиялық апат күтіп тұр деп есептейді Маятас ауылының тұрғыны, қоғам белсендісі Түймебай Базаров. Ол Маятастағы ауыл қорымына былтыр 65 жастағы құдағиын жерлепті. Ал, жақында әруақтарға құран бағыштау үшін молаға барғанында шошығанын айтып отыр. Мұнда жердің жартысы опырылып, сүйектер шашылып қалған екен. Тіпті, біразын өзен суы шайып әкеткен.

«Ол кезде үш қабірдің бүлінгенін көріп едім. Міне, қазір тағы екеуі ашылып қалыпты. Бұл деген сұмдық қой. Әне қараңыздар, сүйектері көрініп жатыр. Ал, мына бір жердегі қабірден сүйектері сыртқа шығып қалған. бармаған жерім жоқ. бәрі бұл туралы біледі, бірақ шара қолданбайды. Амал жоқ, журналистерден көмек сұрап келіп отырмын», — дейді Түймебай Базаров.

 

Сайрамсу өзені мен бұлақ суы моланың бір шетін шайып жатыр. Ал, төменгі жақта Елтай, Қаратас, Тоғыс және Сайрам ауылдары бар. Елдімекен тұрғындары енді аталған өзен суын пайдалануға қорқып отыр. Өйткені, түрлі инфекциялар тарауы мүмкін дейді. 

 

Ауыл билігі болса бар кінәні табиғатқа артып отыр. Проблеманы шешу үшін ең алдымен көктемді күту керек, содан кейін қаоажат бөлу қажет дейді. Әйтпесе моладағы қалған қорымдарды су шайып кетуі мүмкін.

«Ескі моланың жайы бізге белгілі. Көктем шығысымен өзен жағасына ағаш отырғызып тастаймыз. Бұл өзеннің арнасын ауыстырмай ағуына септігін тигізеді. Аудандық ТКШ бөліміне шығып, өзен жағасын бетондап тастауға ақша сұрадық. Енді шаралар қолға алынады», — дейді Зертас ауылы әкімінің орынбасары Ерлан Сапаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары