$ 449.3  489.69  4.89

Алматыда келіншек сәбиін бала күтушіге тастап, қашып кеткен

Алматылық полицейлер бір жастағы бүлдіршіннің жоғалып кеткен анасын іздеп жатыр. Былтыр қазан айында бала күтушісіне сәбиін тастап кеткен ана қайтып оралмаған деп мәлімдейді patrul.kz.

Ет бауыры баласын бала күтушісіне тастаған келіншек аз ғана уақытта кетіп бара жатқанын айтып, балаға қарап бергені үшін ақасына да төлеп беруге уәде берген. Алайда қыздың анасы келмеген соң, әйел полицияға хабарласқан.

Кішкентай қызды №2 қалалық ауруханаға жеткізген. Бала күтушінің қолында баланың туу туралы куәлігі болған. Құжаттан жоғалып кеткен әйелдің Өзбекстан азаматы екені анықталған. Кішкентай қыз Тараз қаласында дүниеге келген екен.

Медициналық тексерістен өткен сәбидің денсаулығында ешқандай ақау жоқ екенін айтқан.

Полицейлер жоғалып кеткен әйелді іздестіруде. Сәбидітанығандар болса немесе оның анасының қайда екенін білетіндер болса 276 58 00 немесе 102 нөміріне хабарласуына болады.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары