12.03.2018, 10:25

«Жүзінші есіміндей Жаратқанның»: қазақ ақыны Назарбаевты құдайға теңеді

ақынның Facebook-парақшасынан алынды

Мемлекет басшысы мен оның отбасына ода жазумен кең танымалдылыққа ие болған ақын, республикалық «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы Балтабек Нұрғалиев Нұрсұлтан Назарбаевқа кезекті өлеңін арнады. Онда ақын Мемлекет басшысын құдайға теңеген.

Елбасының атына мақтау мен мадақтаулар жаудырған Б.Нұрғалиев «Нұрсұлтан» сөзінің Құраннан алынғанын, Алланың екі есімінен біріктіріп қойған ныспы екенін жазған.

Әділет ақ жолындай адал із бар,
Әрдайым адал ізден аламыз нәр.
Біз деген – шын бақытты Мәңгілік Ел,
Данышпан Елбасымыз – Данамыз бар!

Нұрсұлтан Ұланына ырза дала,
Елменен түсті бірге күн жаңара.
Әжесі Ер есімін қойған екен –
Әлдиін әуелеткен Мырзабала.

Әжесі қойған сырын біліп тұрып,
Киелі Ер есімін үміт қылып,
Құраннан «НҰРСҰЛТАН» деп атын берген,
Құдайдың қос есімін біріктіріп!

НұрСұлтан – ерек есім, ерен есім,
Кеңейткен Қазағының керегесін.
Танытып тағылымды тектілігін,
Еліне үлгі қылған өнегесін!

Сіңіріп салауатты дәріс дара,
Баласын баптап қосқан жарысқа да.
Бас идім Әруағыңа, Әлжан Әже,
Бас идім Әруағыңа, Әбіш Баба!!!

Жұлдыз боп ӘЛЕМ ҮШІН тағдыр жанған,
Айналдым, АҚ ПАТШАМНАН алғыр жаннан.
АСЫЛЫ АДАМЗАТТЫҢ НҰР-АТАМЫЗ,
Меккеге барғанында жаңбыр жауған.

Арылтқан жанардан жас, қабақтан мұң,
Нығметін, шапағатын таратқан мың.
НҰРСҰЛТАН деген есім БІЗДЕР ҮШІН,
ЖҮЗІНШІ ЕСІМІНДЕЙ ЖАРАТҚАННЫҢ!!!

Еске салайық, бұған дейін Балтабек ақын Қазақстанды тек Назарбаевтар династиясы билеуі керек, Нұрсұлтан Әбішұлынан кейін "таққа" оның қызы Дариға Назарбаева отыруы тиіс деп те өлең жазған болатын. Сондай-ақ, оның шығармалар жинағында Президенттің анасына, әкесіне, жары Сара Назарбаеваға және қыздарына арнаған жеке-жеке өлеңдері бар.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.