$ 446.49  475.38  4.79

«Арақ та іштік, пиво да іштік»: мас боп қалған қазақ балаларының видеосы желіге тарап кетті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде кішкентай екі баланың спирттік ішімдік ішіп алып, өз жағдайларын түсіндіріп жатқан сәті түсірілген видео тарап кетті. Шамамен 10-15 жас аралығындағы жеткіншектер туған күнге барып, арақ ішкендерін жасырмай айтқан.

Видеоның нақты қай жерде және қашан түсірілгені белгісіз. Бір анығы, араққа тойып алған екі бала да қазақтар. Олар арақты да, сыраны да ішкендерін айтып, ересек ер адамның алдында ақталып отыр.

«Мынамен еріп барғам, мынаның досы екен. Мен бардым, бұлар маған ішкізді. Арақ іше алмаймын мен, маған қинап ішкізді, сосын осындай боп қалдым», - дейді кішкентай балалардың бірі.

Екіншісі болса танысының туған күніне барғанын, арақты амалсыз ішкенін айтып ақталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары