13.03.2018, 09:28

Күйеуім өзінен 10 жас кіші келіншекті алды: Тоқалмен бірге тұрып жатқан бәйбіше өкінетінін айтты

45 жасқа келіп, өмірлік серігіне төрт ұл сыйлаған Алма оның тоқал алатынын естігенде шалқасынан түсе жаздаған. Күйеуімен бірге бизнес ашып, бүгінде кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер әйел бәйбіше боламын дегенді үш ұйықтаса түсінде де көрмегенін айтты.

«Біз тоқал-бәйбіше дегендердің болатынын кітаптан ғана оқып өткен адамдармыз. Оқыған, көзі ашықпыз деп ойлағанмын. Күйеуіміз екеуіміз талмай еңбек етіп, осы күнгі жеттік. Балаларымыздың алды жиырма екіде. Төрт ұлымыз бар. Бірақ күндердің күнінде сүйгенім, өмірлік жарым өзінен он жас кіші келіншекті аламын деп азар да безер болғанын көремін деп кім ойлапты?!», - деп күрсінді ол.

Айтуынша, күйеуі төрт жыл бұрын өзінен он жас кіші бір балалы келіншекті үйіне әкеліп, таныстырған. Қанша қарсыласып, үйінен кетпек болса да, ол қалай көндіккенін өзі де білмей қалғанын айтады.

«Қазір тоқал деген сән болды ма? Түк түсінер емеспін, ол әйелді қабылдадым. Күйеуімді жақсы көремін. Бірақ бастапқы бір жыл мен үшін өте қиын болды. Қарама-қарсы үйде тұрды. Бірақ жұмыстан келе сала, сол үйге кіріп кетеді. Маған оңай тиген жоқ. Тоқал алғаннан асқан азап жоқ екен мен үшін. Ажырасып кетпек болдым. Бірақ, егер солай істесем ол менің орныма шалқып өмір сүреді. Ал мен болсам, тақырға отырамын. Бұл менің еңбегіммен жеткен жетістік... Тоқал мен бәйбіше керемет тату өмір сүреді деген өтірік, мен кейде өтірік күле саламын. Ал күйеуім елге бұлар тату, жақсы өмір сүреді деп айтып, мәз болып жүр. Солай ойлай берсін. Балаларым да, мен де оның тоқалын да, тоқалдан туған қызын да жек көреміз», - дейді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі күннің еркектері тоқал алуды өздерінің міндеті санайды.

«Қаншама достарымыз бар. Солар да менің күйеуімнен көріп, тоқал алғысы келеді екен. Менің әйелдеріне айтарым: ешқашан бұған мен сияқты көндікпеңдер. Ешқашан. Бұл - азап. Сондықтан, одан да ажырасып кеткендерің дұрыс», - дейді Алма.

Дереккөз: NUR.KZ

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.