$ 445.66  474.58  4.78

«Нұр Отанымен қоса мемлекеттік жүйе әбден іріді»: қоғам белсендісі Аягөздегі апат туралы айтты (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының тұрғындары бірнеше күннен бері тасқын судан зардап шегіп жатқаны белгілі. Кеше облыс әкімі Даниал Ахметов елдімекенге келіп, зардап шеккен тұрғындармен кездесті және баршасына көмек берілетінін айтқан болатын. Алайда, қоғам белсендісі, танымал блогер Сырым Әбдірахманов өңірде нағыз былық боп жатқанын, жергілікті билік апаттың ақ-қарасын жасырып отқанын жайып салды.

Қоғам белсендісі кеше бірнеше адам болып көлікпен апат болған аймаққа көмек көрсету үшін барыпты. Зардап шеккендерге материалдық көмек апарыпты. Алайда, оның сөзінше жергілікті билік өкілдері мен полиция қызметі күш көрсетіп, олардың кетуін талап еткен көрінеді.

«Кеше 13 наурыз күні сағат таңғы 04.00-де су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданының тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында Астанадан шығып, өз қаржымызға көлік жалдап, 1500 шақырымдай темір тұлпарды терлетіп, сағат 22.20-ларда зардап шеккен Халықтың уақытша орналастырылған Интернатқа келіп жеттік! Зардап шеккендер әлі ұйықтамаған екен, өзімізді жеке азаматтар ретінде таныстырып, жөн сұрастырып жатқан кезде "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТАПСЫРЫСЫМЕН жергілікті билік тарапынан күш қолданылып, түнімен полиция тарапынан өзіміз жалдаған көлікті заңсыз тексеру іс-әрекеттері жүргізілді! Оның үстіне, осының барлығы бейнетаспаға жаздыңыздар деп үстімізден арыз жазып, іс қозғалуда! Мінекей, қолдау көрсетуге келген азаматтарға осындай қиянат жасауға қарағанда Аягөзде болған апаттың ақ-қарасын жасырып отырғанның белгісі деп есептеймін! Себебі, ақсақалдардың айтуынша бұндай жағдай бұрын-соңды болмаған! Су қоймасы дамбы жарылып кеткенге ұқсайды», - деп жазды С.Әбдірахманов өзінің Facebook-парақшасында.

Ол сондай-ақ, апат болған кезде билік өкілдерінің Аягөзге келіп, халықпен бірге болмағандарына да ашынып отыр.

«Аймақ әкімі ДАНИАЛ АХМЕТОВТЫҢ өзі біздің келе жатқанымызды естіп қана амал жоқтан апаттың орын алған 3-інші күні ғана кеше Аягөзге келіп кеткен! Не себептен апат болған бірінші күні зардап шеккен Халықпен бірге болған жоқ?! Бүгінгі күні апаттан зардап шеккен Аягөзге Үкіметтен бір де бір Министр, 1 миллионға жуық айлық алатын бір де бір Парламенттен Депутат келген жоқ! Даниал Аxметовтың өзі апаттың 3-інші күні келді! Қарағандының шаxтерлерімен де дәл осындай жағдай болған! Тура қайталануда! Халықты қинау деген осы! Нұр Отанымен қоса мемлекеттік жүйе әбден іріді», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары