$ 449.58  486.94  4.86

Қоғам белсендісі Зағипа Балиеваны ыңғайсыз сұрақтарымен тығырыққа тіреді

ММА федерациясының басшысы, қоғам белсендісі Анатолий Ким бүгін Астанада өткен брифингте Зағипа Балиеваға тосыннан сұрақ қойып, оны ыңғайсыз жағдайда қалдырды.

Еске салайық, ОҚО Сарыағаш ауданында зорланды деген 7 жасар балаға қатысты баспасөз мәжілісі елордада өткен болатын. Журналистердің сауалына жауап берген Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева баланың отбасы басқа жаққа көшірілетінін де мәлімдеді.

Депутат әлеуметтік желілерден келген сауалдарға жауап беріп жатқан болатын.

«Қоғамда шу көтерген белсенділердің әрекетін дұрыс деп ойлайсыз ба?», - деген сауалға Балиева: «Мен қоғам белсенділеріне де, журналистерге де алғыс айтамын. Сіздер білесіздер, мен ешқашан жауаптан қашпаймыг. Менің ойымша, қоғам белсенділері мәселені дұрыс және дер кезінде көтерді. Балаларға қатысты проблемалардың көбісін мен әлеуметтік желілерден, қоғам белсенділерінен біліп отырамын», — деп жауап берді.

Осы сәтте әңгімеге Анатолий Ким араласты. «Мен бұл жағдай туралы кеш естідім, тек 2 күн бұрын ғана мәселенің мән-жайына қанық болдым», - деп сауалын бастай бергенде, Балиева оған: «Неге сіз кеш білдіңіз?» — деп қарсы сұрақ қойып үлгерді. Сол сәтте А.Ким:

«Дәл осы сұрақты мен сізге қойғым келеді. Не үшін сіз кеш білдіңіз бұл жағдайды? Сіз балалар құқықтары жөніндегі уәкілсіз мен емес. Шу ең алдымен әлеуметтік желілерде көтерілді. Қоғам белмсенділері сол сәтте балаға адвокат пен заңгерлер тауып берді, Алматыдан пәтер жалдап, қайта экспертиза жасатуға келісіп те қойды. Тек содан кейін ғана сіз пайда болдыңыз да, олардың еңбектерін жоққа шығардыңыз, баланы алып кеттіңіз. Бәлкім сіз мұны игі мақсатта жасаған боларсыз, мен сізді айыптамаймын. Бірақ, неліктен дер кезінде әрекет етпедіңіз?» - деді қоғам белсендісі.

— Мен Шымкентке келгенде баланың жанында мүлдем ешкім жоқ еді! - деп жауап қатты З.Балиева.

— Оны ІІД алып кетіп, оқшаулап тастаса оның жанында қалай адам болады?

Бұл сұраққа Мәжіліс депутаты нақты жауап бере алмады. Тек баланы мемлекеттің қорғауына алу туралы шешім аясында жұмыс істегенін айтып ақталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары