$ 449.3  489.69  4.89

Шымкентте белгісіз біреулер кәсіпкердің отбасын жайратып салды

Қанды оқиға 16 наурыз күні Тассай тұрғын алабында болған. Белгісіз біреулер кәсіпкердің үйіне басып кіріп, оның отбасын қырып салған деп жазады Otyrar.kz.

Қылмыскерлердің қолынан тек үйдің бойжеткен қызы ғана құтылып шығыпты. Ол дереу полицияға хабар берген. 

Портал тілшілерінің мәліметінше, қарақшылар үйге басып кіріп, кәсіпкердің әйелін және енесін айуандықпен өлтіріпті. Алайда, ер азаматтың тағдыры жайында хабар жоқ. Белгілісі, ол үлкен ферманың және асханалар желісінің қожайыны екен.

"Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдары басталды. Оқиға орнында құқық қорғаушылар жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары