19.03.2018, 14:41

Өлім үстінде жатқан әкесін қызы салмақ қосу арқылы құтқарып алды

Қытайлық кішкентай қыз әкесін құтқару үшін толықтады. Дәрігерлер оған салмақ қосса ғана әкесіне донор болуына рұқсат беретінін айтқан.

Осыдан 2 жыл бұрын  қыздың әкесі Ло Сяоланяға өткір миелоидтық лейкемия диагнозы қойылды. Содан бері оның химия терапиясына 200 мың юань жұмсалған, сонда да әкесінің жағдайы жақсармаған.

Кейін дәрігерлер оны аман алып қалудың жалғыз жолы – сүйек кемігін ауыстыру деген шешім шығарған. Ер адамның әпкесі мен ата-анасы донор болуға сәйкес келмеген. Ендігі үміт оның 11 жасар қызы Чжэньчжэньде болған.

Қызы донор болуға келіскенімен, дәрігерлер оның салмағы небәрі 29 келі болғандықтан келісім бермеген. Донор болу үшін кем дегенде әкесінің салмағының жартысына жету керек.

Осыдан кейін қыз көбірек тамақтанып, толықтауды ойлаған.
«Кейде тамақ ішкім келмейді дейді. Сол кезде әкесін есіне түсірсем, алдындағы тамағын тауысып қоюға асығады», – дейді анасы.

Нәтижесінде қыз бір айда 4,5 келі салмақ қосты.

Дәрігерлер қыздың денсаулығын тексеріп, донор болуға рұқсатын берген. Қазір әкесі мен қызы отаға дайындалуда.

Дереккөз: Stan.kz

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.