$ 447.4  477.55  4.76

Мұғалімдері қорғай алмағаны өкінішті: ОҚО-да зорланды делінген бала оқиғасынан кейін ата-аналар қорқып қалған

ОҚО-дағы Абай ауылының тұрғындары балаларын мектеп жіберуден қорқып қалғандарын айтады. Олардың бірі мектепте зорлықтың болғанына сенсе, енді бірі теріске шығаруда.

Абай ауылындағы 7 жасар баланың оқиғасы қоғамда қызу талқыға түскені белгілі. Ол оқитын №53 мектептің директоры Увайда Қожагелдиева болса зорлықтың болмағанына сенімді. Мәселен, 1-сынып оқушысы өзін тепшектің астында зорлағанын айтқан. Алайда, ол айтқан жерде кереуеттер жиналып тұр дейді директор. 7-8 сыныптың оқушылары оларды өздігімен жылжытып, тепшектің астына кіре алмайды дейді ол.

Ата-аналар болса әртүрлі пікірде. Десе де көпшілігі педагогтарды айыптайтындарын жасырмай отыр.

 

«Менің қызым осы мектепте оқиды. 7 жасар баламен бір сыныпта оқиды. Ол өте жақсы бала. Бірақ оны мұғалімдерінің қорғай алмағаны өкінішті», - дейді ата-аналардың бірі. Ауылдың тағы бір тұрғыны болса балаға дұрыс тәрбие бермеген ата-ананың өзі кінәлі дегенді айтып отыр. «Бәріне ата-аналар кінәлі. Балаларды бақылап, оларға дұыс тәрбие беру керек», – дейді ол.

Абай ауылының тұрғындар саны 19 мың ғана. Абай ауылы ғана емес, Қазақстан халқы 7 жасар баланың тағдырына алаңдаулы. Олар тергеу нәтижесінің қалай боларын күтіп жүр.

Еске салайық, зорланды деген 7 жасар баланың экспертизасын Алматыда халықаралық мамандар жүргізетін болады. Әлі экспертизаның қорытындысы шықпаса да Бас прокуратура ОҚО-дағы бірқатар полицейлер мен прокурорларды, мектеп қызметкерлерін тексере бастады.

Дереккөз: 31 арна

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары