$ 447.4  477.55  4.76

Трамп барша түркі халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

АҚШ президенті Дональд Трамп Наурыз мерекесін атап өтетін халықтардың барлығын құттықтады деп жазады Reuters.

"Көктемнің келуін тойлайтын әлемдегі миллиондаған адамды Наурыз мерекесімен құттықтаймын", - деді Трамп түркі және парсы халықтарына үндеу жолдап. Reuters агенттігінің жазуынша, АҚШ президенті негізінен Иран халқына басымдық берген.

2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары