$ 446.49  475.38  4.79

«Зорламадым, өзі келісті»: ақтаулық жігіт жаңа танысқан қызды көлік ішінде зорлаған

Ақтаулық полицейлер қыз зорлау дерегі бойынша жас жігітті қолға түсірді. Ол енді ғана танысқан бойжеткенді көліктің ішінде күштеп зорлаған көрінеді. Бұл туралы Қылмыстық істер картасы порталында жазылған.

Жәбірленушіге күдікті алдымен төсектес болуға ұсыныс айтқан екен. Алайда, қыз көнбегеннен кейін жігіт оны сол отырған жерінде зорлап тастаған. Зәбір көрген бойжеткен дереу полицияға арызданып, күдікті көп ұзамай ұсталған. Бірақ, ол қылмыс жасамадым дегенді айтып отыр. Сөзіне сенсек, қыздың өзі жыныстық қатынасқа түсуге кетәрі еместігін білдіріпті. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Жалпы, Ақтауда өткен аптада 60 қылмыстық құқықбұзушылық орын алған. Олардың басым көпшілігі (23) ұрлық деректері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары