$ 444.32  473.33  4.76

Астанада қатты желден кран құлап, бір адам қаза тапты

Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешені алаңында мұнара краны құлады. Оқыс оқиға дүйсенбі күні таңертең "Ақ Дидар" кешенінің құрылыс алаңында болған деп жазады sputniknews.kz. Бұл күні Астанада қатты жел тұрғаны белгілі.

"Департаментте комиссия құрылды. Себебін сол ғана анықтай алады. Алайда оқиға қатты желмен байланысты екені анық", — деп түсініктеме берді Инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Владимир Овчинников. 

Оның айтуынша, жұмыс беруші компания қаза болған жігіттің отбасына көмек көрсетеді. Трагедияның нақты себебі 10 жұмыс күнінен кейін белгілі болады. 

Наурыз айының басында елорданың "Сарыарқа" ауданында осыған ұқсас оқиға болған еді. Болжамдардың бірі бойынша кран қатты желден тұйық тіреуішке соғылған. Ол кезде ешкім зардап шекпеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары