$ 449.3  489.69  4.89

Шымкенттік полицей алдымен жол ережесін бұзып, артынша өзге полицейдің көлігін соқты (ВИДЕО)

Шымкенттік қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы тағы бір видеороликті желіге жариялады. Онда қаланың орталық көшесінде жол ережесін өрескел бұзған полицейдің бейнекамерадан қашамын деп өзге көлікті соққаны түсірілген.

Оқиға Тәуке хан мен Тәшенов көшелерінің қиылысында болыпты. Полиция қызметкері банкоматтан ақша шешу үшін 10 метрдей қашықтықта тұрған тұраққа баруға ерініп, көлігін дәл жолдың ортасына тастап кеткен. Салдарынан өзге көліктерге қолайсыздық туындады.

Ал, бұл сәтті камераға түсіріп, полицейдің заңсыз әрекетін әшкерелеген Руслан Жанпейісов оқиғаның нағыз комедиялық туынды екенін айтып отыр. Өйткені, банкоматтан ақшасын алып болып, бейнекамера объективінен қашпақ болған жүргізуші-полицей алаңғасарланып, артта тұрған екінші көлікті соғып алды. Қызығы сол, ол көліктің тізгінінде де полиция қызметкері отырған.

Қоғам белсендісі сол маңда кетіп бара жатқан жол-патрульдік полиция көлігін шақыртып, жол ережесін өрескел бұзған тәртіп сақшысына хаттама толтыруын талап етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары