$ 449.3  489.69  4.89

ОҚО-да «зорланды» деген бала оқиғасы үшін ауыл биі жұрттан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Оңтүстікте ауыл биі елді шулатқан зорланды деген жеті жасар баланың жағдайына байланысты көпшіліктен кешірім сұрады. Көмекке зәру болған балақайды қамқорлыққа дер кезінде алмадық деген ауыл ақсақалы үлкен дауға айналған бұл проблемаға мектеп басшыларының салғырттығын айыптап, көпшілік алдында сынап алды.

ОҚО-да зорланды деген жеті жасар баланың жағдайына байланысты ардагерлер кеңесінің мүшелері мен зиялы қауым өкілдері және облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Басқосуда сұмдық жағдай болған, жеті жасар бала тұратын ауылдағы би сөз алып, көпшіліктен кешірім сұрады. Айтуынша, келеңсіз жағдайға салғырттық танытқандар мектеп басшылары. Жас баланың обалына қалғандар бұл жәйтті біле тұра, көз жұма қарады дейді ол.

"Уақытысында көз көрмегендігімізден де болуы мүмкін. Сондықтан барлықтарыңыздан кешірім сұраймын. Бұл келеңсіз жағдай болмауы да керек еді. "Жасырған ауру өлмешке әкеледі"-дейді. Біздегі көп жағдайда сол мектептің директорлары рейтингін түсірмес үшін жасырып қалатын жағдайлары бар.

Мектеп директорлары шақыруымызға келмек түгілі, әкемдердің де жиналысына бармайды. Алақандай Абай ауылында алты мектептің үш директоры екі жылдан бері соттасып жатыр. Ал екі жылдан бері соттасып жатқан мектепте қандай береке болады? Міне, ұжымдардың арасында болып жатқан жағдай. Осының таяғы оқушыларға келіп тиеді", - дейді Абай ауылының биі Тойлыбай ақсақал.

Жиынға қатысқан ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев соңғы кездері Оңтүстікте болып жатқан келеңсіз жағдайларды ретке келтіру үшін бірқатар жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Өңір басшысы бұл кездесуде "Зорлық- зомбылықсыз-Оңтүстік" акциясын жариялап, қылмыстық істерді азайту үшін салаға жауаптыларды бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары