$ 447.4  477.55  4.76

ШҚО-да тағы ондаған үй суға кетті, адамдар үйерінен қашып жатыр (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында жергілікті масштабта төтенше жағдай жарияланды деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

"Күннің күрт жылынып, еріген қар суының деңгейі көтерілгендіктен аудандағы ондаған үй мен аулалар су астында қалды. Құтқарушылар жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге шығаруда. Олардың жартысы ауыл мектебіне орналасса, қалғандары туыстарының үйлеріне кетті", - дейді ТЖК-нің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда жергілікті билік өкілдері, коммуналды қызмет пен құтқарушылар Прогресс, Глубокое, Тарханка және Белоусовка ауылдарынан тасыған судың арнасын бұру жұмыстарымен айналысып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін WhatsApp мессенджері арқылы Алтай дамбасының жарылғаны туралы хабарлама тараған болатын. Облыстық ТЖД бұл ақпараттың жалған екенін айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары