$ 446.49  475.38  4.79

Қызды алып қашқан жігіт оны иттің үйшігіне байлап қойған

Қырғызстандық sputnik.kg порталының колумнисі Алина Джоис жантүршігерлік оқиғаны жазып берді. Бұл осыдан он жыл бұрын орын алған екен. Ауруханаға түскен журналист күйеуінен қорлық көрген бойжеткенмен бір палатада жатып, оның тағдырын білгенде жағасын ұстапты.

«Осыдан он жыл бұрын Айгүл есімді қызбен бір палатада жаттық. Оның жасы небәрі 19 еді. Бірақ жас жанарында өмірге деген құлшыныс жоқ, тағдырдың әбден қорлығын көргені көрініп тұр.

Айгүл ауылда ата-анасымен бірге тұрыпты. Он алты жасқа толғанда оны көрші ауылдың жігіті ұрлап кеткен. Ал ата-анасы елдің сөзінен қорқып, оны сол үйде қалуға мәжбүрлейді. Күйеуі болса жас қызды әбден қорлап,ұрып-соғуды әдетке айналдырған. Бұған шыдамаған бойжеткен үйіне қашып барады. Әйтсе де, ата-анасы оны бұл жолы да күйеуіне қайтарып берген. 

Қашқан қалыңдығын үйіне алып келген жігіт оны ит қораға байлап қойыпты. Үш ай бойына ол иттермен бірге тамақ ішіп, қорада тұруға мәжбүр болады. Осының салдарынан денсаулығына ауыр зардап келіп, екі өкпесіне суық тиген. Алып қашқан әйелінің ауыр хәлін көрген күйеуі оны қайын жұртына апарып тастап, сол күйі ат ізін салмай кеткен. Ал қыздың ата анасы болса перзенттерінің денсаулығы сыр бергеніне қарамастан, оны бірнеше ай бойы дәрігерге апармай, үйде бағыпты. Тек сырқаты дендеген кезде ғана ауруханаға жатқызған. Бірақ бәрі кеш еді. Туберкулез дерті әбден асқынып, қыздың өмірін жалпам кетті. 

Кейін журналист қыздың мәйітін алып кетуге келген туыстарымен сөйлесіп, олардың қыздарын не себептен дер кезінде дәрігерге көрсетпегенін сұраған екен. Сөйтсе қыздың анасы: «Баламыздың туберкулез екенін білсе көршілерім не айтады? Бізбен араласуды қояды ғой» деп жауап беріпті.

«Бұл сұмдық қой. Кейбір адамдарға баласының тағдырынан елдің сөзі артық», – деп жазды колумнист Алина Джоис.

Дереккөз: Qasym.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары