$ 448.89  477.93  4.76

«Киіз үй тек басшылар үшін»: Алматыда киіз үйге кірмек болған ақсақалды кеудесінен итеріп қуып шықты (ВИДЕО)

Биыл Наурыз мейрамы елімізде өте кең көлемде аталып өтті. Мерекеге дайындық барысында облыс әкімдері өз қызметкерлеріне дастарханды халық үшін жайып, киіз үйлердің есігін айқара ашып қоюын да тапсырған. Алайда, іс жүзінде әкімдердің бұл тапсырмалары толықтай орындалды деп айта алмаймыз.

Мәселен, әлеуметтік желілерде тарап кеткен мына бір видеода ақ жағалы жігіттердің киіз үйге кіргісі келген қарияны кеудесінен итеріп, есікті ашпай қойғаны түсірілген. Видеоролик Instagram әлеуметтік желісі арқылы тарап, оқиғаның Алматыда болғаны айтылады. Онда киіз үйге кірмек болған ақсақалды екі жас жігіт кеудеден итеріп, дөрекі сөздермен қуып шыққаны анық көрінеді.

"Тамақ әлі дайын болған жоқ. Не болды сізге, тамақ көрмегенсіз бе? Мың теңгені мен-ақ берейінші, басқа жерден сатып алып ішіңізші, мұның ішінде түк жоқ", - деп айқайға салады екі жігіт екі жақтан.

Әлеуметтік желі қолданушылары болса бұлардың мемлекеттік қызметкер болуы мүмкін екенін, киіз үйдің тек басшыларына жайылғанын жазып, оларды қатаң сынап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары