$ 447.4  477.55  4.76

Құран кітапты аяқпен таптаған қыздар жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Мұсылман қауымның қасиетті кітабы Құранды ақпен таптаған екі қыз жұрттың ашуына тиді. Олардың адамшошырлық әрекеті youtube видео-порталында жарияланды.

Ашық-шашық киім киген екі қыз  қолдарына бір-бір Құран кітапты алып, беттерін умаждап жырта бастайды. Содан кейін қасиетті басылымды жерге тастап, аяқпен таптай жөнеледі.

Оқиғаның қайда және қашан болғаны белгісіз. Тіпті қыздардың қай ұлт өкілі екені де айтылмаған.

Көпшілік олардың қорлап отырғаны расында Құран кітап болса, Құдайдың қаһарына ұшайды деп қарғап тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары