$ 448.89  477.93  4.76

Той үстінде бар шындықты білген екі жас бірге асылып өлді

Бұл қайғылы оқиға 2000 жылдары орын алған. Екі жас бір кештерде танысып, соңы махаббатқа ұласады. Бір-біріне деген сезімі бірден тұтанып, ғаламат күй кешеді. Құдды бір, бұрыннан білетіндей. Мәңгілік жарын тапқанын сезген жігіт шаңырақ құруға ниеттенеді. Осы жерден әңгімемізді үзе тұрып, лирикалық шегініс жасайық.

Ол жас еді. Арман көрікті жігіт болатұғын. Қыз біткеннің барлығы есі кетті оған. Есі кеткендердің қатарында Мақпал да бар еді. Мастықтың буымен Арман Мақпалмен қалай жақындасып қалғанын білмей қалды. Арада айлар өткенде Арманды іздеп келген Мақпал жаңалығымен бөліседі. Бірақ, бұл жаңалық Арманға жай түскендей көрінді. Әке атанасың деген сөз өлесің деген сөзбен бірдей болды оған. «Жоқ мен әлі дайын емеспін. Тойлап үлгеруім керек» деді іштей. «Өтірік айтпа. Маған таққан жалаң шығар» деп жекіді Арман Мақпалға. Мақпал жылап-сықтап, одан өзге еркек атаулыны көрмегенін айтып ақталды.

Осы кештің ертеңінде Арман бұл аймақтан ізім-қайым жоғалып, хабарсыз кетті. Мақпал болса ардан өртеніп, не істерін білмеді. «Жоқ. Мен бұл баланы дүниеге әкелімін» деп шешті. Ел арасында гу-гу өсек. Алайда бұл оған еш мән берген жоқ. Жалғыз өзі Сәбинадай айдай ару қызын бағып қақты.

Арманнан көрік кеткелі қай заман. Арақ бәрібір жеңіп шығады. Осының кесірінен емес пе бүкіл өмірін құртқан. Жар еткен Кларасы да мұнымен қосылып ішеді. Бір ұлы бар. 18-де. Аты Санат. Ата-анасының мұндай күйінен жалыққан баласы қапалы. Алайда бүгін әке-шешесіне жақсы жаңалық айтуға келді.

Арман ұлының үйленгісі келетінін естігенде не істерін білмей дал болды. Мен көрмеген бақты осы бала көрсін деп әке батасын береді.

Үйге келін түсіп, Арман тойдың қамына кіріседі. Жас жұбайлар бақыттан бастары айналып, алдағы өмірлерін болжап, шаттануда.

Үйге құдалар келетін уақыт та жетті. Қуаныш осы сәттен сап тиылды.

Арман өз көзіне өзі сенбеді. Жүрегі бір сәтке тоқтап қалғандай. «Мүмкін емес. Қалай? Бұл менің күнәм ғой. Баламның не жазығы бар?» деп іштей қан жылады.

Құдағи баяғы Мақпал екенін Арман екеуі ғана білді. Мақпалдың аяғы баспай қалды. Алайда сол кеште барлығына аян болды. Сәбина Арман мен Мақпалдың баласы екені. Санат пен Сәбина ағалы-қарындас екені. Сол кеште ағалы-қарындас бақилық болғаны да барша жұртқа жайылып кетті. Ардан өртенген екеуі асылып қалған. Арман тірі өлікке айналды. Бұл өмірде барлығының жауабы бар екенін түсінді. Бірақ барлығы кеш еді.

Дереккөз: hikaia.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары