$ 446.49  475.38  4.79

Ол әйел менің күйеуімді дуалап алыпты…

Құрметті оқырмандар! Мен өз басымнан өткен оқиғаны айтып берейін. Жасым 30-да, бір ұл, бір қызым бар. Күйеуіміз екеуміз де жұмыс жасаймыз. Кейбіреулеріңіз сенерсіздер, кейбіреулеріңіз сенбейсіздер. Осыдан екі жыл бұрын күйеуімнің бір әйелмен жүріп жүргенін естідім, басында сенген жоқ едім, басыма жай түскендей болды. Содан не керек артына адам салдырттым.  Сөйтсем шынымен сол әйелмен жүреді екен. Ол әйел өзі менімен бірге жұмыс жасайтын  болып шықты,  ажырасқан, баласы бар екен.

Мен түнгі кезекке жұмысқа кеткенде күйеуім соған баратын көрінеді. Ол əйелге барып: «сен менің күйеуіммен жүреді екенсің ғой. Сен кім едің соншама» деп шу шығардым. Ол болса шімірікпестен «дәлелің бар ма» дейді.

Міндетті түрде дәлелдеймін дедім. Сол кезде күйеуім іссапарда жүрген. Мен оған хабарласып, жұмыстағы қыздармен бірге көлге баратынымды айттым. Бірақ мен көлге барған жоқпын, киім-кешектерімді жинап апайымның үйіне барып бірнеше күн сонда болдым. Жұмыстағыларга да көлге кеттім дедім. Ол бірнеше рет звондады, телефонды өшіріп тастадым. Сосын кешке жақын түн батқан соң апайымды ертіп өз үй жағыма барып күйеуімнің үйден шыққанын күттім,  екі күн бойы андыдым. Әлі ол әйелге барған жоқ.

Сонымен үшінші күні не керек,  апайыма айттым кеттік тағы андиық деп, ол болды бармаймын,  өтірік ел-жұрт айта береді күйеуің ондай опасыздыққа барады деп ойламаймын деп сенбей қойды. Бармасаң қой деп киініп шығып кеттім. Сосын сол әйел тұратын үйдің алдында тығылып жүрдімғ  қарама-қарсы подъезд болатын, соган кіріп отырдым, түнгі бір болды. Жарықтың бəрі өшірулі. Бір кезде сол әйел тұратын үйге күйеуім кірді.Бірден бармадым. Жарты сағаттан соң кірдім, есікті тақылдатып едім ана қатын ашты. Баса көктеп кіріп ана катынды бетінен бірақ тырнап подъезге бірақ сүйредім,  бүкіл үйді басыма көшіріп ,  міне саған дəлел деп быт-шытын шығардым.

Арғы жақ бөлмеден күйеуім шығып келеді, бізді əрең тоқтатты. Ана катынның шашын жұлып,  қолына бердім. Сосын апайымды шақырдым, міне куйеу балаларыңыз қандай тірлік жасап жүр, маған сенбеп едіңіздер келіп өз көзіңмен көр дедім. .Апайым уйді басына көтеріп айғайлады. Анау әйел «сені күйеуің жақсы көрмейді» деп əңгіме айтты.  Ал күйеуім: «мен өз əйелімді жақсы көремін» дедеді де соңымнан еріп үйге келді. Үйге келген соң тағы айғай шу. Ертесінде жұмысқа бардым, ана әйелдің бетінен түк жоқ,  бейшара бастығыма барып мен шу шығарды деп айтыпты. Мен оның отбасымның шырқын бұзғанын жайып салдым.

Ол әйел менің күйеуімді дуалап алыпты деп естідім. Бірақ өзінің істегені алдынан шықты. қазір ол ауруханада жатыр. Басында ісік пайда болыпты. Ал күйеуім қазір үйден шықпайды.Бірақ әлі де тығылып сол әйелмен сөйлесетін сияқты. біздің арамыздағы жанжалды балалар да сезіп қалды. Күйеуімді іштей әлі кешірмедім. Ары қарай қалай өмір сүретінімді білмеймін.

Дереккөз: Alashainasy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары