$ 448.89  477.93  4.76

«1 Студия» саяси ток-шоуына 1 жыл

«Қазақстанда қазір не көп, ток-шоу көп, мұның несі жаңалық?» деп айтуыңыз мүмкін. Иә, расымен де қазір отандық телеарналардың әрбірінен жоқ дегенде 2-3 ток-шоудан көрсетіледі. Бірақ, тікелей эфир арқылы қазақ қоғамындағы ең өзекті проблемаларды қозғап, аузы дуалы қайраткерлерге, белсенді азаматтарға, тіпті оппозиция өкілдеріне мінбер беретін ток-шоуды кездестіре алмайсыз деп сеніммен айтуға болады.

Яғни, «1 Студия» тележобасының ерекшелігі сол, мұнда проблемаларға біржақты қарап, біржақты пікір айтылмайды. Студияға қонақ ретінде елдің сөзін сөйлеп жүрген, өз саласының нағыз білікті мамандары ғана шақырылады.

Осы 1 жыл ішінде 42 бағдарлама эфирге шыққан, оның 28-і тікелей эфирде. Жоба авторы, танымал тележурналист Берік Уәли «1 Студияда» Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатын, әлеуметтік проблемаларын Айдос Сарым, Әміржан Қосанов, Дархан Қалетаев, Абылай Мырзахметов секілді спикерлермен талқылады. Көтерілген тақырыптардың қатарында жер, тіл мәселелері, білім беру саласына енгізіліп жатқан реформалар, ауылшаруашылық саласының проблемалары бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары