$ 448.89  477.93  4.76

Ақтөбеде үш бала мұз үстінде су ортасына ағып кетті

Ақтөбедегі суқоймада үш бала мұз үстінде су ортасына кеткен. Оларды құтқарушылар дер кезінде көріп қалған деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға 15 сәуірде таңғы 09:30-да болған. Ең кішісі - 8 жаста, қалған екеуінің жасы 14-те және 15-те. Ақтөбе облыстық ТЖД жедел құтқару қызметінің өкілі Оксана Кичигинаның айтуынша, балалар мұздан мұзға секіріп ойнап жүрген. Олар суқоймада үлкендердің қарауынсыз жүрген.

"Мұздықтарды арасы алыс емес болған - 20-30 сантиметр. Балалар секіріп ойнаған. Қатты соққан желдің салдарынан бір мұздықты жағадан алып кеткен. Дәл осы кезде балалар сол мұздың үстінде болған. Ақтөбелік суқоймасының жағалауынан 20 метрден аса қашықтыққа алып кеткен. Біздің мамандар мен құтқарушылар оларды жағаға алып келді. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық", - деді Оксана Кичигина. 

Оның айтуынша, балалар мұздық үстінде 15 минуттай тұрған. Қуанышқа орай осы кезде құтқарушылар акваторияны аралап жүрген және балықшылар балық аулап жүрген.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары