$ 449.58  486.94  4.86

Мұхтар Шахановтың қарызын төлеп бердім деген миллионер енді халықтан ақша сұрап отыр

Күні кеше отандық миллионер Қайрат Құдайберген ақын Мұхтар Шахановтың коммуналдық қызмет түрлеріне жиналып қалған қарыздарын төлеп бергенін айтып «мақтанған» болатын. Кәсіпкер енді халықтан 36 миллион теңге жинап алуды көздеп отыр. Бұл ақшаны Қ.Құдайберген Шахановтың өзге қарыздарын жабуға жұмсамақ көрінеді. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Айтуынша, ақынның журналының қарызы 46 миллион теңгеден асып жығылыпты. Оның 10 миллион теңгесін Шаханов өзі тауып, қалғанын қайдан аларын білмей отқан көрінеді. Ал, басылымның өзі жабылып тынған.

«Ия, үй қарызы мен оның 1 жылдық мәселесін шештік, бірақ ең маңызды мәселе бұл Мұхтар ағамыздың журналын оралту. Қарызы 46 млн.тг болған, 10 млн.тг өзі тапты, қалғанын қайдан табарын білмейді. Елден сұрауды ұят дейді. Бірақ...

Сонда қазақтың ел тірегін көтерген, жеріміз тәуелсіз болуға ТІКЕЛЕЙ қатысқан, тіл мәселесі мен ЖЕЛТОҚСАН оқиғасы туралы шындықты дүниежүзілік деңгейде таратып, анық ақпаратты берген данышпан ағамызға көмек бере алмасақ, біздің қазақи НАМЫСШЫЛДЫҒЫМЫЗБЕН ҰЯТТЫЛЫҒЫМЫЗ бес тиын да тұрмайды», - деп жазды Қайрат Құдайберген.

Ол сондай-ақ, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Мұхтар Шахановтың есепшотын толықтай жазып, халықты ақша жинап беруге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары