$ 448.15  483.46  4.86

Қостанайлық келін 80-нен асқан енесін үйінен қуып шығып, пәтерін тартып алмақшы болған

Қостанайлық келіншек жасы сексеннен асқан енесін үйден қуып шығып, пәтерін тартып алмақшы болған деп жазады Оqiga.kz.

Басылым таратқан мәліметке сәйкес, 87 жастағы кейуана сотқа өзінің туған келінінің үстінен шағым түсірген.

Қарияның айтуынша, келіні әжейді үйінен қуып шығып, пәтерін тартып алмақ болған екен. Белгілі болғандай пәтер 2002 жылдан бастап қарияның атына тіркелген көрінеді.

Сотта кейуанының ұлы мен келінінің ажырасып кеткені анықталған. Ұлы үйден кетіп қалғанымен, келіні кәмелет жасына толмаған екі баласымен баспананы иемденіп келген екен.

Сот шағым түсіруші ананың жасын ескере келе, пәтерді зейнеткердің жеке-дара меншігі деп тапқан.

Сондай-ақ, соттың шешімімен безбүйрек келін жылу беру маусымы аяқталғанша ғана пәтерде тұра алады деген шешім шығарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары