$ 448.15  483.46  4.86

Емханаға тамағы ауырып барған ұлым дәрігерлердің кесірінен көзі көрмей, құлағы естімей қалды – Алматы тұрғыны

Алматы тұрғыны балалар емханасының дәрігерлерін кіналауда. Айтуынша, дәрігерлер ұлын жансақтау бөліміне жатқызуға дейін жеткізген деп мәлімдейді КТК телеарнасы.

Ұлының ауруы асқынғаны сонша, көзі көрмей, құлағы естімей қалған. Салмағы да күн санап азайып бара жатыр екен. Дәігерлер оның өмірі үшін күресіп жатқанын айтады.

Анасы бастапқыда ұлының темпераутасы көтеріліп, ангинасы ісіп тұрғанын айтады. Дәрігерлер оны менингит деп шығарған. Диагнозын да жиі ауыстырған.

«Диагнозын жиі ауыстыра берді. Неден емдеп жатқанын өздері де білген жоқ. Жағдайы жақсарған жоқ», – дейді анасы Залина Кастоева.

Ұлы зонд арқылы тамақтанады. Басын көтере алмайтын күйде.

«Осыған дейін барлық көмек көрсетілді. Қазір нақты болжам айту қиын. Қазір ауруы асқынып, миына кетіп қалмауын қадағалап жатырмыз», – дейді бас дәрігер Ержан Сералин.

Енді анасы ұлын Германияда емдетіп көрмек.

Алайда дәрігерлер баланың қозғалмауы керек екенін айтады. Оған Ресейде ем алуға кеңес берген.

Шағымнан соң тексеріс жүріп, мамандар дәрігерлердің кінәсін бар-жоғын анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары