$ 446.49  475.38  4.79

Шымкентте науқас ана тамақ таппай, үш баласымен көгерген нан жеп отыр (ФОТО)

Шымкентте үш балалы жалғызбасты ананың ауруы асқыны төсек тартып жатыр. Әкелері жоқ, аналары жұмысқа жарамайтын, балалар аш қалмас үшін көршілерден тамақ сұрап күнелтуге мәжбүр деп жазады NUR.KZ.

Күнсұлу Ахметованың күйеуі алты ай бұрын қаза тапқан. Үш баласымен жалғыз қалған азаматша содан бері, өлместің күйін кешіп жүр. Жарының қазасы ауыр болса керек, жалғыздықтан әйелдің сырқаты асқынып, қазір төсек тартып жатыр.

Отбасының табысы - жоқ. Нақытырақ айтсақ, асыраушысы жоқ. Балалардың киімі былай тұрсын, күнделікті ас-ауқатты тауып берудің өзі - мұң. Әрі ай сайын жалдамалы пәтерге беретін ақшасы тағы бар. Отбасы жалдамалы пәтерге алты айдан бері ақша төлей алмай келеді. Жағдайы мүшкіл отбасыны үйдің егесі көшеге қуып шықпай, керісінше көмектесіп отыр.

"Отбасым көмекке зәру. Өзімді мейлі бала-шағам үшін алаңдаймын. Әрі аяғымнан тік тұрып, көмектескім келеді. Бірақ ауруым асқынып, жүре алмай қалдым. Тағдырыма қатты өкпелегенмен, амал жоқ бала-шағам үшін өмір сүру керекпін. Сол үшін көпшіліктен көмек сұрап отырмын. Перзенттерім тамақ таппай көгерген нан жегенде жүрегім қан жылайды", - дейді көзіне жас алған жалғыз басты ана Күнсұлу Ахметова.

Қазіргі уақытта Күнсұлу Ахметова ауруханада жатыр. Дәрігерлер оған ота жасау қажеттігін айтты. Ал үйдегі үш баласына үлкені бас-көз болып, ас-ауқатын беріп, жан бағып отыр.

Төсек тартып қалған жалғыз басты ананың отбасы қайырымды жандардың көмегіне зәру. Көмектескісі келген жомарт жүректі азаматтар 87763304788 және 87756276978 нөміріне хабарласса болады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары