$ 443.85  474.3  4.8

ШҚО-да көлік аударылып, 1 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Риддерде өрт шыққан жерге бара жатқан өрт сөндіру қызметінің көлігі аударылып кетті деп мәлімдейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, оқиға 2018 жылдың 22 сәуірінде болған. Көлік құрғақ шөп өртенген аумаққа бара жатқанда аударылып кеткен. Өрт сөндіру қызметінің көлігінде жеті адам болған - олардың бесеуі түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізілді. Бірақ кешкі уақытта  СПЧ-4 бөлімінің командиры 46 жастағы  Владимир Синельников ауруханада көз жұмған.

"Владимирдың артында үш баласы қалды: тұңғышы - мектеп түлегі, кенжесі - 2 жаста. ШҚР ТЖД өкілдері қаза болған ер адамның отбасына көңіл айтады. Владимир Синельников өрт сөндіру қызметіндегі ең тәжірибелі мамандардың бірі болды. Кезінде бірнеше жас маманды оқытып шыққан еді", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары