$ 447.4  477.55  4.76

Астана тұрғыны Айжан Байзақованы сабамақшы болған

Атышулы блогер Айжан Байзақованың өміріне астаналық тұрғын қастандық жасамақшы болған. Қаладағы «Ньютон» түнгі клубында белгісіз жас жігіт блогерді жаман сөздермен балағаттапты. Тіпті оны таңға дейін клуб алдында күткен. Сескеніп қалған Байзақова бұл жайында өзінің Telegram-каналында жазды.

«Астана маған бір ұнамай-ақ қойды ғой. Біз жұма күні Астанадағы «Ньютон» клубында болғандардың барлығының көңілін көтермекші болдық. Биледік, секірдік те. Бәрі сондай тамаша болды. Бірақ көңіл көтеруге келген бір еркек мені жаман сөздермен балағаттады. Егер саған ұнамай ма, онда әрі кетсейші! Клуб күзетшілеріне ол еркекті шығарып жіберулерін сұрап едім, оның Астанадағы беделді адамның бірі екенін айтты. Оған күштері келмейтінін жеткізді. Онымен қоймай, мені өлтіргісі келген әлгі еркек таңғы сағат 9-ға дейін клуб алдында күтіп тұрды. Астаналық еркектердің бірде-біреуі оның аузын жаптыра алмады. Естімеген кейіп танытты. Көркейіп келе жатқан Астананың сыйқы осы болды»6 - деп жазады бас қаладан көңілі қайтып қалған блогер.

Енді Байзақова көпшіліктің ортасында өзін қорлаған еркекті тауып алмақшы. Сондай-ақ, оның суретін Telegram-каналына іліп қоятынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары